Балалар

“Балаға жақын қала” форумы

Бұл форумның көздегені – балалардың құқықтарын қорғап, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын қамтамасыз ету. «Дарын» мектеп-лицейінің балалар ұйымы  байқауда өз бірлестіктерін таныстырып, атқарған жұмыс пен алға қойған жоспарларымен бөлісті.

 

Дарья Воронкина , “Дарын” мектеп-лицейінің оқушысы:

-Біз байқауға қатысушыларды мектеп ұйымының жұмысымен таныстырдық. Бізден үйренер дүние көп. Өз басым осы ұйымға мүшелікке енгеніме көп бола қойған жоқ. Дегенмен, балалар ұйымындағы жұмыстар өзіме ұнайды.

 

Шара аясында ұйымдастырылған суреттер байқауында Маргарита Игишеваның жұмысы ерекше көзге түсіп, оқушы бірінші орынға жайғасқан. Қала тақырыбында салынған сурет жан-жақты, әрі шығармашылықпен орындалған.

 

Маргарита Игишева, облыстық жетім балаларға арналған мектеп-интернат оқушысы:

-Бұл байқауға алғаш қатысуым емес. Жыл сайын бағымды сынап тұрамын. Бұл суретте мен қаламыздың сұлулығын барынша көрсетуге тырыстым. Облыс орталығы күн сайын көркейіп келеді. Маған Петропавл қаласы ұнайды.

 

Байқау арқасында мектеп оқушылары қала туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, облыс орталығының болашағына көз жүгіртті. Жалпы шара арқылы ұйымдастырушылар балалардың мәдени сауатын ашып, Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікті, патриотизмді баулуды мақсат еткен.

Форумға 20 ұйым қатысуда. Үздіктер қатарынан көрінген команда 15 мамырда республикалық байқауға қатысатын болады.

 

Бақыт Сәдуақасов