Теміржол вокзалында Азия біріншілігінің жеңімпаздарын туғандары мен жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды. Ел үмітін ақтаған спортшылар Илья Хван мен Айнұр Қадарменова түрлі дәрежедегі 6 медальді еншіледі.
Илья Хван, таэквон-додан VII Азия чемпионатының жеңімпазы:
-Әр чемпионатта бір жаңалық бар. Бұл жолы қазақстандық құраманың дайындығы жоғары деңгейде болды. Юниорлық есепте екінші, ал ересектер арасында жалпыкомандалық үшінші орынды еншіледік. Бұл жаман көрсеткіш емес, барлығы 20 команда қатысқан болатын.
Непалда өткен Азия чемпионаты Айнұрдың үлкен спортқа жасаған алғашқы қадамы болды. Жас спортшы үлкен жарыста 2 күміс және бір қола алқаны еншілеген.
Айнұр Қадарменова, таэкван-додан VII Азия чемпионатының жеңімпазы:
-Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.Бізді жақсы қарсы алды. Осымен 4 жыл қатарынан мені Илья Хван жаттықтырып жүр. Бапкерімнің сенімін ақтадым деген ойдамын.
Енді қара белбеу иегері Айнұр Кадарменова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысуды көздеп отыр. Илья болса, таеквандодан ересектер арасындағы сайыстарға әзірлікті бастап кетті.
Бақыт Сәдуақасов