Қоғам

Имамдар білім жетілдіруде

 

Дәріске келген тыңдаушылар әр мағлұматты зейін қойып тыңдауда. Семинарға арнайы мамандар шақырылған. Имамдар ең алдымен конфессияаралық қарым-қатынас төңірегінде сөз өрбітті. Діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы шаралар да кеңінен талқыланды.

 

Қасымхан Исаев, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы:
–  Имамдар «Құраннан» сабақ алып жатыр. Және интернетті игеру. Былтыр «Қызылжар» мешітінің сайты ашылған болатын. Соны жетілдірмекпіз. Аудандық имамдардың бәрі интернетті меңгерген.

Сағынай қажы 15 жыл бойы имам қызметінде. Тәжірибені арттыру еш уақытта артық етпейді дейді ол. Әсіресе, заманауи технологияларды игеруге ден қою қажет.

Сағынай қажы, Айыртау аудандық мешітінің бас имамы:
– Үлкен сабақ алып жатырмыз. Интернеттік жүйемен жасайтын жұмыстарды үйренудеміз. Блог ашу деген сияқты. Электрондық пошта арқылы байланыс жасау мүмкіндігі туады.

6 күндік курсқа 30-ға жуық тыңдаушы қатыспақ.

Рақымжан Сабыржанұлы, «Нұр-Мүбарак» ислам университеті проректорының орынбасары:
– Жастарға дәстүрлі дініміздің дұрыстығын дәлелдермен түсіндіру. Осыдан мың жыл бұрын жазылған кітаптар арқылы.

Мұндай семинарлар еліміздің әрбір аймағында ұйымдастырылмақ.

Инеш Шоқақова