Спорт

Жергілікті “Қызылжар СК” футбол клубы сырт алаңда 3:0 есебімен жеңіске жетті

 

Ойынның 16-шы минутында қызылжарлық Серік Досманбетов қарсыластың қақпа кілтін ашты. Екінші таймда Ерлен Бекмухаев есепті еселеді. Мачтың соңында Валерий Миллер жауапсыз қалған үшінші голды соқты. Сәуірдің 26-сы күні жеребе салу арқылы жерлестеріміздің кезекті қарсыласы анықталады. Қайсысының мысы басатыны 14 мамырдағы ойын көрсетеді.