Құқық қорғау органдары

Жас полицейлер ардагерге көмектесті

Облыстық ішкі істер департаментінің медициналық қызмет мамандары Иван Козиннің үйіне жиі келеді. Ардагердің қан қысымын тексеріп, денсаулығының жалпы жағдайын бақылап, әңгімелесуді  дәрігерлер дәстүрге айналдырған.

 

Зура Баймашева, СҚО ІІД медицина қызметінің терапевт-дәрігері:

-Үйлерге келіп көмек жасаймыз. Медициналық қарау өткіземіз, емдеу, үйдегі  стационар соларды өткіземіз. Соларға жыл сайын келеміз, ардагерлерге рахметімізді, алғысымызды білдіреміз.

 

Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Козин биыл 89 жасқа толды. Сұм соғыс аяқталысымен, 22 жасында ішкі істер органындағы қызметін бастаған. Қарияның құрметті еңбек демалысында жүргеніне 40 жылдай болыпты. Құқық қорғаушылар еш уақытта ардагерді ұмытпай, көмек қолын созып, үй ауласын қоқыстан тазартып отырады.

ІІД-нде еңбек еткен 700 ҰОС ардагерінен бүгіндері көзі тірі 10 қария қалды. Жыл бойы қарттарға дәрігерлер мен жас әріптестері келіп тұрады. Ал мамыр айындағы мейрамда майдангерлерге ақшалай көмек көрсетіледі.

 

Бақыт Сәдуақасов