Билік

Облыс әкімі Самат Ескендіров жұмыс сапарымен Ақжар ауданында болды

 

Қазір мұнда 125 бала тәрбие алуда. 2-5 жас аралығындағы 6 топ бар. Ақысы да аз, бар болғаны айына 5500 теңге бала басына. Және 48 адам жұмыспен қамтылған. Өңір басшысы бүлдіршіндерге ойыншықтар тарту етті. Бұдан соң ауылдағы “Санжар” сауда үйіне соқты. Нысан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша берілген несие қаржыға тұрғызылған. Сауда үйі 16 желтоқсан қолданысқа беріліп, 20 адам жұмыспен қамтылыпты. Дүкеннің ішінде өз наубайхалары да бар. Ал жуырда ғана 16 пәтерлі үй жас отбасылар мен жетім балалардың игілігіне беріліпті. Үй жаңа, ішінде суы да бар. Жас отбасыларды аймақ басшысы қоныс тойларымен құттықтады.