Спорт

Үздік таэквондошылар Петропавлда бас қосты

 

Таэквандодан ел чемпионатының ашылу салтанатына Пекинде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Арман Чилманов арнайы келген. Үлкен спортпен қош айтысқан ол бүгінде бапкерлікпен айналысып жүр. Бұл жарыста мықты спортшыларды іріктеп, ел намысын халықаралық деңгейде қорғайтындарын анықтаймыз дейді мемлекеттік жаттықтырушы.

 

Арман Чилманов, жаттықтырушы:

– Осы ел чемпонатында жеңген спортшылар  шілде айында Әзірбайжан елінде өткізілетін жарысқа жолдама алады.

 

Бірінші жекпе-жекке Астана қаласынан келген Бекзат Шамдильда мен қызылордалық таэквандошы шықты. Бекзат спорттың бұл түрімен 7 жыл бойы айналысып келеді екен. Сондықтан алғашқы қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.

 

Бекзат Шамдильда, Астана құрамасының спортшысы:

-Мен осы жарысқа қатысқаныма қуаныштымын және қарсыластарыма тек қана сәттілік тілеймін.

 

Барлығы бұл жолы Елорданың намысын 12 спортшы арқалап келген.

 

Нұрболат Жанбұлов, Астана құрамасының бас жаттықтырушысы :

-Біздің ең басты мақсатымыз осы ел чемпионатынан жүлделі орын алу. Мен өзім спортшыларымды көп уақыт бойы дайындағаннан  олардың жеңісіне сенімдімін.

 

Жалпы сайыста республиканың әр өңірінен келген 300-ге жуық балғын бақ сынайды. Жарыс жеңімпаздары сәуірдің 25-інде анықталмақ.