Қоғам

Солтүстікқазақстандықтардың тағы бір тобы Зерде вахтасына аттанды

Экспедиция мүшелерін “Біздің жеңіс – Наша победа” қоғамдық қорының президенті Андрей Кошелев бастап барады. Олар әдеттегідей ұрыс даласында қаза тапқан жауынгерлердің сүйетерін тауып, жерлейді. Аталмыш ұйым ауқымды шараға осымен 10-шы жыл қатысуда. Сол уақыт аралығында іздеушілер 283 сарбаздың денесін тапқан. Оққа ұшқан 7 жауынгердің есімдері анықталыпты. Іздеушілер тобы елге 11 мамырда оралады.

 

Берік Қасен