Қоғам

Тіркелмеген қаруын өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды

Еске салайық, өз еркімен қару-жарақты тапсырған азамат біржола әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліктен құтылады. Оған қоса мемлекет оған бір мылтық үшін 10-нан 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін сыйақы тағайындап отыр. Акцияның алғашқы күнінде солтүстікқазақстандықтар өз еркімен 11 қару мен 174 оқ-дәрі тапсырды. Ал былтырғы жылы тәртіп сақшылары облыс тұрғындарынан 694 дана мылтық пен 9200 оқ-дәрі қабылдапты. Бұл деректі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі келтіріп отыр.

 

Берік Қасен