Әр түрлі

Петропавлдық көңілді тапқырлар ақмолалық көрермендерін күлкіге қарық қылды

Жас ойыншылар құрамасы М.Қозыбаев атындағы СҚМ университетінің журналистер және болашақ филолог мамандарынан жасақталыпты. Көңілді және тапқыр қыз-жігіттердің сахнаға шығып жүргеніне көп бола қойған жоқ – не бары 3 айдай ғана. Десе де, қысқа ғана уақыттың ішінде олар бірнеше байқауларға қатысып, қанжығаларын бас жүлдемен майлап үлгеріпті.

Ал сәуірдің 20-да жергілікті құрама “Көкшетау қаласы әкімінің кубогы” фестиваліне қатысып, екінші орынды еншіледі. Бас жүлде Рудный қаласының “Бес саусақ” құрамасының өнерпаздарына бұйырыпты. Жастар қаржылық қиындықтарға қарамастан, мүмкіндіктерінше сахнаға жиі шығып, көрермендерге күлкі сыйлауға тырысады.

Кілең серінің арасында жалғыз нәзік жанды Мадина Темірғалиева өнер көрсетеді. Қазақ тілі мен әдебиетінің болашақ маманы қазылар алқасын өткір әзілдерімен таң қалдырғандарын айтып отыр.

Көп ұзамай “Шал ақын” құрамасының әзілкештері қалалық КВН ойындары ашық лигасының жартылай финалында өнерлерін паш етеді.