Әр түрлі

Облыста өткен демалыс күндерінде 2 бірдей адам өрт құрбаны болған

Өрт сөндірушілер апатты 2 сағаттың ішінде ғана ауыздықтай алды. Алайда, жанып кеткен нысанның ішінде 60 жастағы ер адамның денесі табылған. Тағы бір қайғылы оқиға Есіл ауданындағы Явленка селосында тіркелді. Жеке тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен шыққан қызыл жалын көршілес тұрғын жайларға тарап, от барлығы 126 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына 2 өрт сөндіру көлігі мен 8 маман тартылыпты. Апат орын алған уақытта баспанада 2 бала болған. 12 жасар жеткіншекті аман алып қалу мүмкін болмады. Ал 1 жасар бүлдіршін түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

 

Гүлмира Шоқтыбаева