ТЖ

Есіл тасып жатыр

Бүгінде Новоникольское елді мекенінің жанындағы су деңгейі өзен арнасынан 2 метр 10 см-ге дейін жоғарылаған. Дегенмен, құтқарушылар хабарлағандай, селоны су басу қаупі жоқ. “Челябі-Новосібір” бағытындағы республикалық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі әлі де су астында қалып отыр. Тасқынға байланысты жолаушылар су басқан учаскені айналып өтуде. Бірқатар саяжайларға да осы күні тасқын су жеткен. Бүгінде құтқарушылар мен жауапты ведомство өкілдері күнделікті мониторинг жұмыстарын жалғастыруда. Әзірге қызыл судың тұрғын үйлерге жеткені туралы ақпарат түскен жоқ. Дегенмен, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары хабарлағандай, Есіл өзенінің арнасынан шығып, тасуы 15 күнге дейін жалғасуы мүмкін.

 

Гүлмира Шоқтыбаева