Білім

Солтүстікқазақстандық оқушылардың құқықтану саласындағы жобасы халықаралық байқауда үздік деп танылды

 

Ресей жерінде өткен байқауға Бексұлтан мен Эдуард бір жыл бойы дайындаған ғылыми жобаларын апарыпты. «Экономика, әлеуметтану және құқық» секциясында олар өздерінің «Балалар құқығын қорғау жөніндегі ҚР заңнамаларын бұзудың әрекеттерін зерттеу» деп аталатын жобаларын ұсынған. Оны дайындау барысында оқушылар ішкі істер органдарымен тығыз жұмыс жасап, үзеңгілестері арасында сауалнама жүргізіпті.

 

Эдуард Батырбеков,облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицейінің оқушысы:

-Біз көптеген ақпараттар жинап, осы тақырыпты кеңінен зерттеуге тырыстық. Қызықты фактілерді анықтап, балалар құқығын қорғауға қатысты заңбұзуүшылықтарды анықтадық. Жұмысымызда соларды шешу жолдарын да көрсеттік.

 

Байқаудың жерлес оқушылар қатысқан секциясында 15 жоба болыпты, соның ішінде Бексұлтан мен Эдуардтың зерттеуі жүзден жүйрік атанған.

 

Бексұлтан Құлмағамбетов, Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицейінің оқушысы:

-Бұл байқауға қатысып, жүлдегер атану үлкен мәртебе. Мол тәжірибе жинадық. Бәсекелестік өте мықты болды. Дегенмен жеңіске жеткенімізге қуаныштымын.

 

Жалпы байқауда 600-ге тарта жұмыс ұсынылған.

 

Мағжан Ахмадина