Kurultai banner mobile

ТЖ

Петропавл маңындағы саяжайларды тасқын су басты

Сонымен бірге Новоникольское селосының маңындағы су деңгейі 37 сантиметрге, Петропавл қаласы жанындағы өзен суы 23 сантиметрге жоғарылаған. Апта соңында Есілдің арнасынан шығып тасуының салдарынан қалалық жағажай мен теміржол көпірінің маңындағы саяжайлар су астында қалды. Сондай-ақ, жұма күні Республикалық маңыздағы Челябі-Новосібір тас жолының бір бөлігі су астында қалды. Тасқын жолдың 20 метріне жайылып, судың тереңдігі 20 см-ді құраған. Осыған байланысты, бұл учаскедегі көлік қозғалысы тоқтатылды. Жалпы Есілдің тасуы 10-15 күнге жалғасуы мүмкін. Енді өзен деңгейі сәуірдің 23-інде қайта көтеріледі деп болжануда.

 

Бақыт Сәдуақасов