Әр түрлі

Пасха мерекесіне әзірлік жасалуда

 

Мереке күні ол дастархандағы негізгі ас болып саналады. Діни наным-сенім бойынша бұл күні әр шаңырақ қасиетті нанды өздері пісіріп, оны шіркеу қызметшілеріне оқыту керек болған. Бұл күні қай үйдің наны көтеріліп, жақсы піссе, сол шаңырақта құт-береке орнайтын көрінеді. Діни мерекеге әзірлік Ойқаладағы Петр мен Павел шіркеуінде де қызу жүруде. Ондағы қызметкерлер Иса пайғамбар бейнеленген арнайы ақ жайманы қазір шіркеудегі залдың ортасына қойыпты. Мінәжат етуге келгендердің барлығы оған қол тигізіп, іштей тілек тілейді екен. Ол осы жерде сенбінің түніне дейін тұрмақ.

 

протоиерей Сергий, Петропавл-Булаев епархиясының хатшысы:

-Қасиетті Пасхада шіркеуге жиналған православ сеніміндегі христиандар Құдайға жалбарынып, жақындары мен туған-туыс үшін сыйынды. Бұл жақсылық мерекесі, армандар мен үміттер  орындалатын мереке. Православ дініндегілерге тілектеріңіз қабыл болсын демекпін.

 

Самат Есмағи