Қоғам

Мамыр мерекелерінде казақстандықтар 7 күн демалады

Бұл азаматтардың жұмыс және демалыс күндерін тиімді пайдалану үшін жасалған амал. Жексенбі мамырдың 4-індегі демалыс күні жұма 2-ші мамырға ауыстырылады. Сонымен қатар хатта көрсетілгендей жексенбідегі демалыс 8-ші мамыр бейсенбі күнге шегерілмек. Осылайша қазақстандықтар 1-нен 3-іне дейін демалыс алады. Ал 4-і, яғни жексенбі жұмыс күні. Одан кейін 7-сінен 10-ына дейін қайта демалыс алып, 11-інен бастап жұмыс күндеріне оралады.