Қоғам

Жеңіс күніне орай майдангерлерге 117 600 теңгеден жәрдемақы беріледі

Сондай-ақ қайырымдылық сенбілігінен жиылған 8,6 млн теңге де Ұлы Жеңіс сыйлаған солтүстікқазақстандықтарға тиесілі болмақ. Әрбіріне 25 мың теңге шамасында келеді. Жалпы әр ардагердің есеп шотына 117 мың 600 теңге аударылады. Ал майдангерлерге теңестірілген тұлғаларға 17,2 млн теңгенің әлеуметтік көмегі тиеді. 1854 адамның әрбіріне 9 мың 260 теңгеден аударылмақ.