Спорт

Түркиядан жеңіспен оралды

16 жасар Еркебұлан Боранғалиевтің еркін күреспен айналысып жүргеніне 2 жылдай болған. 9 сынып оқушысы бірқатар турнирлерде топ жарып, шеберлігін қарсыластарына мойындатып үлгеріпті. Осы жолғы халықаралық турнирде палуан 50 кг салмақ дәрежесінде 5 кездесу өткізіп, басымдыққа ие болған. Ал ақтық сында ресейлік спортшымен белдесіпті.

Еркін күрестен өткен халықаралық турнирге 1997 -1998 жылғы жасөспірімдер қатысыпты. Сайысқа Ресей, Грузия, Түркия, Германия, Өзбекстан, Қырғыстан мен біздің елімізден  қатысқан 200-ден астам спортшы боз кілемде шын мықтыны анықтаған.

Осы күндері палуан мамыр айында өтетін Азия чемпионатына қызу әзірлік үстінде. Спортшының бапкерлері Еркебұланның талай бәйгелерде топ жарып, ел намысын әлем аренасында қорғайтынына кәміл сенеді.

 

Бақыт Сәдуақасов