Қоғам

Сергеев су қоймасында су деңгейі төмендеп келеді

Петропавлда су астында саяжай учаскелері қалды. Сәуірдің 20-сына қарай су Заречный кентіне де келуі мүмкін. Құтқарушылар бұл туралы тұрғындарды ескертті. Сол себепті мектепке бірінші кезекте қажет болатын тауарлар жеткізіліп қойған. Бүгінде қыстақта өрт сөндірушілер, жедел жәрдем қызметі мен полиция қызметкерлері күндіз-түні кезекшілік етуде. Адамдар көшірілетін орындар белгіленген. Төтенше жағдай туындаған кезде тұрғындар облыс орталығына аспалы көпір арқылы өтіп, сондай-ақ, арнайы техниканың көмегімен жете алады. Қазіргі уақытта су деңгейі жіті бақылануда.

 

Данаш Хамзина