Қоғам

Сәуірдің 19-ы Петропавлда екінші қайырымдылық сенбілігі өтеді

 

Көктем келісімен қаланы қыс бойы жиналған қоқыстан арылту қажет. Өткен сенбіде ұйымдастырылған тазалық шарасына 35 мың адам қатысып, 48 саябақ пен гүлзарды түрлі қоқыстан арылтты. Сөйтіп, 410 тоннадай қалдық қала сыртына шығарылды. Сенбілікте білім және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері бір адамдай атсалысқан. Ал жеке кәсіпкерлер мен облыс орталығының пәтер иелері кооперативтері немқұрайлық танытып отырған көрінеді.

Облыс орталығының тұрғындары алдағы сенбілікте қаланы абаттандырып, күллі қоқыстан тазартуға бір адамдай атсалысатындарын айтуда. Жалпықалалық қайырымдылық сенбілігі сәуірдің 19-ына белгіленген.

 

Бану Ахметова