ТЖ

Петропавлда “Вента строй” ЖШС-нде өрт шықты

Ал, Булаев қаласындағы тұрғын үйде от дұрыс салынбаған жылыту пешінен тұтанса керек. 62 жастағы баспана иесінің басы мен саусақтарын күйік шалып, орталық ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндірушілер отпен 2 сағат бойы алысқан. Тілсіз жау кіре беріс бөлменің ішкі жағын, есікті, үйдің сыртқы қабырғаларын бүлдірген.

Барлығы облыс аумағында жыл басынан бері 225 өрт оқиғасы тіркелді. 18 адам қаза тауып, тілсіз жаудан келген залал мөлшері 23 млн. теңгені құрайды.

 

Данаш Хамзина