Құқық қорғау органдары

“Тұрмыс. Қадағалау. Алкоголь” жедел алдын алу шарасы

 

 

Мына әйел 57 жастағы жұбайына шағым түсіріп жатыр. Айтуынша, отағасы үйіне кім көрінгенді жинап, арақ ішеді. Ащы суға сылқия тойып алып, үйдегілердің берекесін қашырып, жанжал шығаратын көрінеді. Оны учаскелік инспектор да растап отыр. Сондықтан, тәртіп сақшылары үй иесін ұйықтап жатқан жерінде оятып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

Учаскелік инспектолар бұл жанұяның жағдайын апта сайын келіп тексеріп кетеді. “Жазмыштан озмыш жоқ” дегендей олар осындай отырыстың арты соқпақты болуы мүмкін дейді. Арам судан ішкен адам сол сәтте не істеп, не қойғанын өзі білмей қалатын жағдайлар да баршылық. Сондықтан рейдтің алғашқы күнінде тәртіп сақшылары 246 жанұяға кіріп-шығыпты. Бұдан бөлек мерзімінен бұрын түрмеден босатылғандар да бақылауға алынған. 2 күннің ішінде өңір полицейлері 2 мыңнан астам адамды тексерген. Соның ішінде 286-сы бұрындары істі болған.

 

Татьяна Колесникова, Перопавл қалалық ІІБ инспекторы:

-Біз бұл рейдті үйдегі жанжалдар мен қоғамдағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды азайту үшін жүргізіп жатырмыз. Оларды көбінесе тұрмысы нашар, маскүнем және бұрындары сотталған жандар бұзады. Сондықтан оларды басты назарға алдық.

 

Облыс көлемінде ұйымдастырлып жатқан жедел алдын алу шарасы ел бойынша өтіп жатыр. Қазір СҚО ІІД-де 728 тұрмыс жағдайы төмен отбасы, 1600-ден астам бұрын сотталған жан есепте тұр. Олардың барлығы республикалық “Тұрмыс. Қадағалау. Алкоголь.” атты жедел алдын алу шарасы барысында тексерілетін болады. Республикалық шара барасында, әкімшілік құқықбұзушылық жасаған мыңнан аса бұзақы мен 217 адам ІІД-не есепке алынды. Жазаға іліккендердің арасында 70-сі маскүнемдікке шалдыққан.

 

Берік Қасен