Спорт

Мектептер мен колледждер арасындағы спартакиада аяқталды

Өңір акробаттары Анастасия Бейсембаева, Александр Зотов, Александр Шашков, Елизавета Мец пен Виталий Делль ҚР-ның жетінші жазғы спартакиадасында бас жүлдеге ие болды. Басқа жерлестеріміз қоржынға сонша күміс пен төрт қола медаль салды.

Олар жарыста батутта секіруден және аралас жұпта өнер көрсеткен. Осылайша, жалпыкомандалық есепте үздік үштікті тұйықтады. Мектеп, колледж оқушылары арасындағы ел чемпионаты Павлодар қаласында ұйымдастырылған.