Қоғам

Береке шағын ауданы абаттандырылады

 

Ағымдағы жылдың күзінде  Береке  шағын ауданында 10 көпқабатты баспана қолданысқа беріледі. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 806 млн теңге және жергілікті қазынадан 747 млн теңгеден астам қаржы қарастырылыпты.

 

Қайролла Ғалеев, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– 2014 жылы жалпы аумағы 34,2 мың шаршы метр баспана қолданысқа беріледі. «Береке» ауданында кезекте тұрғандарға 72-і пәтерлі үй, жас отбасыларға үш 15 және үш 27-і пәтерлі баспана беріледі. Тағы барлық санаттағы тұрғындарға арналған 93 және 45 пәтерлі көпқабатты үй тапсырылатын болады. Олардың барлығы күзде аяқталады.

 

Ал ауданның инфрақұрылымын қалыпқа келтіруге 700 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Мұнда жылу, электр желілері, су құбырлары мен кәріздік жүйелер тартылып, жолдар қалыпқа келтірілмек.

 

Серік Сабралин, Петропавл қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

-Үйлерге инфрақұрылым тартылады. Жолдар құрылысы жүргізіледі, ең алдымен 4 көше бойында жүргізілсе, кейін 3-уінде жөндеу орын алмақ.

 

Жиын барысында «Береке» шағын ауданындағы жұмыстардың дені мамыр айында басталатындығы айтылды.

 

Мағжан Ахмадина