Спорт

Қарағандыда өткен аймақтық турнирден каратешілер 14 медальмен оралды

Олардың бірі –  Аян Тортаев 60 келі салмақ дәрежесінде 3 қарсыласын тізе бүктіріп, 1-ші орынға қол жеткізді. Жалпы ол түрлі деңгейдегі сайыстардан қоржынына 6 алтын, 4 күміс медаль жинапты. Ал ел чемпионатында үшінші орынға қол жеткізген.

 

Аян Тортаев, Қожаберген жырау атындағы № 6 ОМ оқушысы:

-Турнирде жалпыкомандалық есепте қарағандылықтар бірінші орын алды. Біз екінші орынға кол жеткіздік.

 

Аян Тортаев бүгінде Омбы қаласында өтетін киокушинкай каратэден әлем чемпионатына қатысуды жоспарлауда.

 

Берік Қасен