Мәдениет

№6 орта мектеп оқушысы халықаралық “Ақ сұңқарым” байқауында жүлдегер атанды

 

Аида Тюгумбаева жақында Ақмола облысы Шучье қаласында КСРО және Қазақстанның халық әртісі Роза Бағланова атындағы “Ақ сұңқарым” халықаралық байқауынан жүлдемен оралды. Жас әнші өз номинациямда 26 үміткерге дес бермей, жетекшілерімнің үмітін ақтап, жеңіске жеттім дейді. №6  мектеп мұғалімдері дәл осы қызды кездейсоқ таңдамаған. Себебі, Аиданың дауысы қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың үнімен ұқсас. Осыны халықаралық дәрежедегі қазылар да байқап қалса керек.

 

Аида Тюгумбаева, Қожаберген жырау атындағы № 6 ОМ оқушысы:

-Байқауда Роза Бағланова апайымның “Бәрінен де сен сұлу” әнін шырқадым.

 

Роза Бағланованың құрметіне халықаралық байқау алғаш рет ұйымдастырылды. Оған Қазақстанның барлық аймақтары мен РФ-сының бірқатар қалаларынан жас өнерпаздар қатысты. Олар “Ән салу” номинациясынан өзге өз өнерлерін би және көркемсөз оқу шеберлігі аталымдарында сынап көрген.

 

Жанар Ахметова, Қожаберген жырау атындағы № 6 ОМ музыка пәнінің мұғалімі:

-Аида мұғалімдердің үмітін толығымен ақтап шықты. Мен еңбегім жанып, шәкіртімнің жетістікке жеткеніне қуаныштымын.

 

Жыл басынан бұл мектептің өзге де оқушылары халықаралық, республикалық халық аспаптары, ән байқауларында бірнеше мәрте топ жарды.

 

Берік Қасен