ТЖ

Тұрғын үйде газ баллоны жарылды

 

Сараптама көрсеткендей, баллонға редуктор дұрыс орнатылмағандықтан, одан газ шығып тұрған. Ақауды үй иелері байқамаған болуы керек. Апатты жағдай пешке тамақ әзірлеу кезінде шыққан. Үйдің ішін шарпыған қызыл жалынға шамасы жетпеген баспана иелері өрт сөндірушілерді шақырып, дереу үйден шыққан. Ізінше баспана ішінде қатты жарылыс орын алады. Тұрмыстық техника мен жиһаз бүлінген. Тілсіз жаумен өрт сөндірушілер бір сағат бойы арпалысқан. Осы уақыт аралығында жалын 12 шаршы метр жерді шарпып үлгерді.