Білім

Отанға қызмет – абыройлы міндет!

 

Бақыт Еслям – әскери қызметті таңдаған жастардың бірі. Сондықтан болар ол  бүгінгі кездесуде осы салаға қатысты ақпаратты бойына түйіп, мамандарды ықылыспен тыңдауда. Оны бүгінгі күні әскерилерге көрсетілетін қолдаудың көптігі қызықтырады.

 

Бақыт Еслям, Ә. Досмұханбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы:

– Әскери салаға көп көңіл бөлініп жатқандығы бізді қызықтырады әрине. Әскери оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыс іздеп те әуре болмайсың.

 

Қорғаныс министрлігі мамандарының айтуынша, бүгіндері әскери қызметке заманауи, яғни техника тілін меңгерген жастар қажет. Сондықтан әскери жоғарғы оқу орындарына алынатын шәкірттерге деген талап жоғары. Әскери мамандықты игеру мүмкіндігіне қол жеткізу үшін ҰБТ 70-тен астам балл жинау қажет. Жалпы соңғы кездері аталмыш салаға деген жастардың қызығушылығы артқан. Жылына 1500-нан астам бозбала қорғаныс саласына оқуға түседі.

 

Қайрат Ашкеев, ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери білім департаменті бастығының орынбасары:

-Қарулы күштеріміздің даму бағыты 3 жүйеде жүргізілуде. Ол біріншіден, информатикалық, екіншіден, робототехника және үшіншіден, интелектуализация бағытында жүргізілуде. Сондықтан бізге білімді, мықты дайындалған жастар қажет.

 

Айта кету керек, мұндай шара еліміздің барлық аймақтарында жүргізілуде.

 

Мағжан Ахмадина