Қоғам

Домофон компаниялары арасында баға келісімі болғаны анықталды

 

Дегенмен, екі мекемеде – «Алекс NORD» ЖШС және “Vip Домофон” жеке кәсіпкерлігінде көпқабатты баспана иелеріне қызмет көрсету құнын өсіруге заңды негіз бар екені анықталған. Аталған мекемелердің өз қызметтері үшін белгілеген тарифі өзгеріссіз қалмақ.Ал өзге 4 компанияға жаңа бағаны белгілеп, негізсіз көтерілген тариф бойынша қайта есептеу жүргізу жөнінде ескерту жасалды. Ақырғы шешім шығару үшін барлық материалдар сотқа жолданды. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы қаңтардың бірінен Петропавл қаласы бойынша 9 домофон компаниясының 6-уы абоненттік төлем құнын 200 теңгеден 250 теңгеге дейін арттырған болатын. Бұл факті бойынша наурыз айының басынан монополияға қарсы инспекция өкілдері тергеу шараларын жүргізген-ді.