ТЖ

Қаратал ауылының тұрғындары үйлеріне оралды

Сондай-ақ, баспаналарына Қулыкөл ауылының шетінде тұратын 226 тұрғын да оралды. Оның жартысы  – балалар. Қазір Қаратал мен Қулыкөл елді мекендерін байланыстыратын күре жол қалпына келтіріліп жатыр. Оның 250 шаршы мертін тасқын шайып кеткен болатын.

Жалпы жыл басынан өңіріміздегі 86 үйді су басқан. 34 баспананы құтқаруға төтенше жағдайлар қызметі қол ұшын беріпті. Ал, қалған жағдайда жергілікті коммуналдық қызметтер көмекке келген.

 

Бану Ахметова