Балалар

Петропавлда республикалық дебат турнирі өтті

 

Бұл “Император мен Сенатор” командасы. Осы құраманың ойыншысы Бақытжан Тұрсынов Елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің намысын қорғауда. Мектеп қабырғасынан дебат ойындарына қатысып жүрген студент бүгінгі турнирде жеңіске жететініне кәміл сенімді.

“Император мен Сенатор” құрамасының қарсыласы Қарағандының жастары. Олар “Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына 20 қадам» атты Елбасының бағдарламасының мүмкіндіктерін америкалық парламенттік формат үлгісінде талқылауда. Үкімет пен Оппозиция болып.

Ал, келесі аудиторияда да осы тақырып талқылануда. Бұнда Мәскеудің “Форс-мажор” командасы мен Астананың “ПК чемпион” құрамасы өзара пікір таластыруда. Бұнда турнирге қатысушылар шешендігімен ғана танылып қоймай, әрбір айтқан сөздерін фактілер арқылы дәлелдей білуі тиіс.

 

Демалыс күндері өткен пікір-сайыс турниріне 22 команда қатысуға ниет білдірген. Осы құрамалардың тек 4-еуі ғана ақтық сынға жолдама алып, өзара Петропавл қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды.

Сөйтіп, пікір-сайыс турнирінің қорытындысы бойынша 1-ші орынды Мәскеуден келген “Форс-мажор” командасы иемденсе, екінші орын Астананың “Император мен Сенатор” құрамасына бұйырды. Үздік үштікті де осы қаланың “ПК чимпионы” қорытындылады. Ал үздік спикер Айтуған Ноғайбаева атанды.

 

Бану Ахметова