“Таныс болайық” шығармашылық кеші

Білім

14:50 4 Сәуір 2014

Шығармашылық кештің шымылдығын М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “Шертер” халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблі ашты. Қазақ композиторларының туындыларын тамаша орындап, талайды тамсандырған ұжым бұл жолы да бірнеше шығарма ұсынды. Соның бірі – Ақан серінің “Балқадишасы”.

Кеш атауының өзі айтып тұрғандай, сахнада Қазақстанда тұрып жатқан әрбір ұлт өкілінің ұлттық өнері көрініс тапты. Түрлі ән шырқалып, түрлі аспапқа тіл бітті.

Концертке қатысушылардың барлығы жергілікті дарынды жастар. Мәселен, өнер колледжінің скрипкашылар ансамблі халықаралық байқаулардың лауреаты.

Сазды кеш орыс қоғамының бастамасымен ұйымдастырылған. Жерлестеріміз Қазақстан халқы ассамблеясының елдегі ұлттар татулығының ұйытқысы ретінде рөлі айрықша дейді.

Галина Колесникова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ саз пәндері кафедрасының меңгерушісі:

-Кездесудің мақсаты – шығармашылық жол арқылы өңір жастарын біріктіру. Бұл ұлтты танудың тамаша әдісі деп ойлаймын.

Данаш Хамзина

Бұдан әрі оқыңыз

Техникалық маман иелерінің үздігі анықталды
“Отбасы құндылықтары” атты семинар-тренинг өтті
Оқытушылар мен студенттердің бәсекесі
Университет студенттерінің жаппай төбелесуіне не себеп?
Университет қабырғасында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Химия-биология пәні мұғалімдерінің І халықаралық форумы өтті
Инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысы
Ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті
Химия-биология бағытындағы НЗМ аккредитациядан өтті