Спорт

Қаржы полициясының құрылғанына биыл 20 жыл толады

 

Чемпионатқа Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы мен өңірдің қаржы полициясы қызметкерлерінен жасақталған 4 құрама қатысады. Оларды СҚО экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Бейбіт Молдабеков құттықтады.

Волейбол ойынына қаржы полициясы саласының 40 қызметкері қатысады. Шығыс Қазақстан құрамасы өткен жылғы жарыста топ жарған. Құрама ойыншысы Марат Ахмадиев биыл да жеңісті қолдан бермеуге тырысамыз деп отыр.

Сайыс соңында үздік деп танылған қаржы полициясының қызметкерлеріне кубоктар мен медальдар табысталмақ.

 

Бақыт Сәдуақасов