Құқық қорғау органдары

Жалған хабар берген жігіттің басы бәлеге қалды

 

Олар нысандағы адамдарды сыртқа шығарып, вокзал маңын қоршауға алған. Барлық жолдар жабылды. Бірақ тексеріс жұмыстары барысында жарылғаш зат анықталмады. Ал бұл факті туралы хабарлаған азаматты табу тәртіп сақшыларына қиынға соқпады. Өтірікші масаң күйде болған Петропавл қаласының 22 жасар тұрғыны болып шықты. Қазіргі күні осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өткен жылы нақ осындай факті бойынша 8 қылмыстық іс қозғалыпты.

 

Мағжан Ахмадина