Қоғам

Уәлиханов ауданында үш ауылды су басуы мүмкін

 

Оқиға орнында аудандық жедел штаб құрылған екен. Тұрғындар Қулыкөл ауылындағы туыстары мен мектепке жайғастырылды. Оларға тамақ жағы ұйымдастырылып, Сілеті өзенінің жағдайын бақылауда ұстауға 3 бекет жасақталды. Шұғыл мәселені шешу үшін ауданға облыс әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев келді. Қулыкөл мен Қаратал ауылдарында бөгеттер орнатылды.

Су басу қаупі алдында басқа да елді мекендер тұр. Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі Новоникольск пен Петропавл қаласы және Аққанбұрлық өзенінде де байқалады. Қазіргі таңда Есіл өзеніндегі Сергеев су қоймасының толуы 94 пайызды құрайды, жақында суды су қоймасының жотасымен жіберу көзделген. 85 білікті маман Ғ. Мүсірепов, Есіл, Шал ақын мен Уалиханов аудандарына жіберіліпті. Өңірде 73 үйді су басқан, барлық жағдайда су  сору шаралары орындалған. Соның ішінде 2-уі сәуірдің 2-де тіркеліпті.

 

Бақыт Сәдуақасов