Спорт

Жеңіл атлетикадан – үшінші орын

Бірінші орынды алматылықтар, екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, ал үшінші орынды жерлестеріміз еншіледі. Жеке есепте 5 спортшымыз көзге түсті. Жасөспірімдер арасында дискі лақтырудан бірінші орынды №2 орта мектептің оқушысы Денис Тимофеев, сондай-ақ осы спорт түрінде теміржол колледжінің студенті Виктория Фролова мен Айыртау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Виктория Федорова еншіледі. Ал найза лақтыруда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті Евгений Анохин үздік деп танылды. Қыздар арасында балға лақтырудан оныншы мектептің оқушысы Анастасия Саромотина биіктен көрінді. Жарысқа қатысушыларды бапкер Галина Анохина, Виктор Винокуров пен Олег Кондратьев даярлапты.