Энергетика

Солтүстікқазақстандықтар бүкіләлемдік “Жер сағаты” экологиялық акциясына қатысты

Энергия үнемдеуге арналған акциядан жастар да тыс қалған жоқ. Олар М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің алдына жиналып, майшам жақты.

 

Динара Мақсұтова, “СҚО Студенттер альянсы” ЖҚБ төрайымы:

-Жалпы, акцияның мақсаты – үйдегі жарықты бір сағатқа сөндіріп, ел ресурсын үнемдеуге титтей болсын үлес қосу. Сөйтіп, облыстық және қалалық әкімдіктерде, СҚО  Қазақстан халқы ассамблеясында, “СевКазЭнерго” АҚ-нда жарық сөндірілді. Бұл шара дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатынына сенімдімін. Келесі жолы адамдар көбірек қатысса, нұр үстіне нұр.

 

Берік Қасен