Қоғам

“Таза қала” акциясы

 

Мына жастар қолдарына құрал-саймандарын алып, жұмысқа кірісуге сақадай сай. Евней Бөкетов көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жүретін жолды қардан арылтуға 50 адам жұмылдырылған. Мұндай жұмыстар қаланың орталық көшелерінде ғана емес, шеткі аудандарында да қолға алынды. Жұмысшы кентінде белсенді жастар арықтарды қоқыстан тазартты.

 

– Біз арықтарды тазартып жатырмыз. Қоқыстарын алдық. Жұмысшы кентінің тұрғындарына қолғабыс тигізудеміз.

– Жұмыс аса қиын емес. Қарды тазалап, жырақалар жасаудамыз. Бұл сауапты іс. Сондықтан қуана келістік.

 

Мұндай шаралар жастардың бос уақытын пайдалы өткізіп, еңбекке араласуына септігін тигізеді. Шаһарды көріктендіруге де пайдасы мол.

 

Жасұлан Сәулембеков, «Азаматтық бастамаларды дамыту институты» ҚБ менеджері:

-Бұл акция арқылы қаланы су баспаудан сақтап, арықтарды тазартуға жасап жатырмыз.

 

Бір өкініштісі, кей тұрғындар үйлерінің маңын қардан арылтуға асығар емес. Тау боп үйілген қар мен қоқыс әлі көше сәнін кетіруде. Сол себепті, жастар, мұндай шараларға баспана иелері де қатысу қажет дейді.

 

Мағжан Ахмадина