Қылмыс

Айыртау аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры заңсыз келісім-шарттар жасаған

Қаржы полицейлері анықтағандай, ол қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып, заңсыз келісім шарттар жасасқан. Құжаттарда 7 кәсіпорынның екі қолға бір күрек таппаған азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтығаны жазылған. Жұмысшылардың жалақысын аталған орталық мемлекет қаржысының есебінен жекелей төлеп тұрған.

 

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:

– Заңсыз келісім шарттың аясында жұмыс орындарын ұсынған кәсіпорындарға аударылған қаражат 1,87 млн теңгені құрайды. Оның хаттамасында жазылған тұлғалар шындығында жұмыс істемеген. Сондай-ақ, оның қызметтік жалғандық жасауына қатысты 9 факті анықталды. Қылмыстық іс прокуратураға жіберілді.

 

Мағжан Ахмадина