ТКШ

Петропавлда су құбырында апат болды

 

Су құбырындағы апат Казахстанская правда көшесі мен Чкалов қиылысында 27 наурыз күні орын алған. Екі күннен бері бұл жерде «Қызылжар су» ЖШС мамандары еңбек етуде. Кәсіпорын қызметкерлері бірден іске кіріскенімен ақау күрделі болып шыққан. Қазір бұл жерде екі бригада қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда.

 

Сандыбай Такиров, «Қызылжар су» ЖШС су жүйесінің басшысы:

-Ақаудың алдын алу шаралары жүргізілуде. Қазір қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланудамыз. Техника, бөлшектер мен қызметкерлер жеткілікті.

 

Жұмыстың ауқымды бөлігін мамандар тындырыпты. Қазір Облыстық перинаталдық орталық пен 3-ші қалалық ауруханаға су берілген. Ал апат кезінде тұрғындар тіршілік көзінсіз қалмас үшін, емдеу мекемелері мен 5 көпқабатты баспанаға су жеткізіліп отырған.

 

Сергей Визеров, «Қызылжар су» ЖШС бас инженері:

-Біз таңғы сағат 4,5-да ауруханаға су бердік. Қазір жұмыстарды аяқтап жатырмыз. Бірер сағаттан кейін су көпқабатты үйлерге де берілетін болады. Бүгін таңғы 7-ден сусыз қалғандарға су жеткізілді.

 

Айта кетерлік жайт, бұл соңғы екі жыл ішінде аталмыш құбырдағы 3-ші апат.

 

Мағжан Ахмадина