Қылмыс

Ленинград селолық округінің әкімі 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Хасен Ахметов 2013 жылдың 28-ші маусымында Ленинград  селосында жолдарды шұңқырлық жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстардың аяқталмағанын біле тұра, олардың дайын екенін растайтын жалған актіге қол қойған. Осының негізінде жеке кәсіпкердің шотына 1 млн. 600 мың теңге көлемінде бюджеттік қаржы аударылады. Хасен Ахметовтен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Кінәсі дәлелденсе ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.