Спорт

Мектеп оқушылары арасында шаңғыдан облыстық турнир аяқталды

 

Нәтижесінде классикалық жарыста әр түрлі жас дәрежесі бойынша Қызылжар ауданынан келген Максим Лазарев пен Вадим Эйхвальд үздік атанды. Төрешілер Мамлют ауданынан келген Маргарита Ларгина, Серікбай Шеставлетов пен Евгения Ефименконы да бірінші орынға ылайық деп шешті. Сондай-ақ Ғ.Мүсірепов ауданынан келген Диана Қажығалиева да жеңіс тұғырынан көрінді. Жарыстың екінші күні еркін жүруден мықтылар сынға түсті. Онда жүлделі орынға тайыншалық Вадим Дрозд, петропавлдық Рустам Әубәкіров пен қызылжарлық Анастасия Хмельницкая ие болды. Турнирдің барлық жеңімпаздары грамота және медальдармен марапатталды.

 

Бақыт Сәдуақасов