Қоғам

Халыққа қызмет көрсету орталығы тұрғындарға ерекше сый жасады

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай  Петропавлдағы халыққа қызмет көрсету орталығы ерекше бағдарлама әзірледі. Мұнда дастархан жайылып, келушілер астан дәм татты. Осылайша орталық қызметкерлері шаһар халқына өздерінің игі лебіздерін жеткізді.

Құжаттарын жасатуға келген тұрғындар тосын сыйды күтпесе керек. Олар Ұлыстың Ұлы күні елімізге тек бейбітшілік сыйласын деген ақ тілектерін жаудырды.

 

Татьяна Янсон, қала тұрғыны:

Халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттарымды реттеуге жиі келіп тұрамын. Қызметкерлері дөрекі сөйлемейді. Ал бүгінгі ұйымдастырылған дастарқанға алғысымды айтамын.

 

Мерекелік дастархан келушілерге күні бойына жайылады.

 

Бақыт Сәдуақасов