Мәдениет

Көңілді тапқырлар сайысы


 

Аймақтық көңілділер мен тапқырлар клубы ойынының ширек финалы 13 құраманың басын қосты. Жарыс талаптарына сәйкес қатысушылар «Ауыл» тақырыбында қалжың айтуы керек.  Сахнаға бірінші болып ең жас ойыншылар «Қызылжар-мектеп» құрамасы шықты. Республиканың өзге қалаларынан келген командалармен қатар өнер көрсеткен оқушылар қатты қобалжығандарын жасырмады

Абай Қожығалдин, “Қызылжар мектеп ” құрамасының ойыншысы:
– Ойдағыдай біз өнер көрсеттік. Алда ойнай береміз. Республикалық ойындарда Алла жазса өнер көрсетеміз.

Теміртау қаласынан келген «Магнитка» құрамасы бұл сынға 1 айдай дайындалыпты. Бұл топтың КТК ойындарында өнер көрсетіп жүргеніне 1 жыл болған. Аймақтық лигаға жолдама алған жеткіншектер  дайындық барысында аға буын өкілдерінің көмегіне де жүгініпті

Жеңіс Темірбаев, «Магнитка» құрамасының ойыншысы:
-Аймақтық лигада ең мықты қарсылас деп «Үш жүз», «Баспалдақтар», Астанадан келген командаларды санаймыз. Әзіл шығарғанда бізде, Теміртауда, көмектесетін адамдар бар. Және өзіміз де шығарамыз дайындықта жүріп.

Қалалық классикалық гимназия мұғалімдерінен құралған «Ағайлар» командасы жарасымды әрі күлкілі әзілдерімен көрермендердің көңілінен шықты.
Бұл топ көрермендердің ғана емес, әділқазылар алқасының жүрегіне де жол тапты. «Ағайлар» құрамасы ең жоғары ұпайға ие болып, топ жарды.

Данияр Уәлиев, “Ағайлар” құрамасының капитаны:
– Әзілдердің барлығын өмірден аламыз. Өзіміздің басымыздан өткен, мектепте болғаннан кейін мектептік тақырыпта өрбиді барлығы. Мұғалімнің өмірі, күнделікті жүрісі және оқушылар. Осы жағынан бізге әзіл шығару оңай. Әр ойыннан кейін көңіл-күйіміз жақсы. Біз сахнада демаламыз.

11 құрама жартылай финалға жолдама алды. Ойынды тамашалауға келген көрермендер жақсы көңіл-күймен тарқасты

-Маған Астанадан келген команда ұнады. Олар қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты біраз әңгімелерді айтты. Және олардың әзілдері жанымызға жақын. Олардың әзілдері өте ұнады.
-КВН жақсы деңгейде өтіп жатыр. №5 лицей командасы   және Астана командалары өте жақсы дайындықпен келген. Өз жерлесіміз де жақсы
-Маған КВН өте ұнап жатыр. Петропавл командасы «Мағжан жастары» ұнады.  

Айдана Демесінова