Қоғам

Жеңіл көлік шам бағанын соқты

 

 

Оқиға сағат 10-да орын алған. Бұл кезде «Волво» автокөлігінің иесі Станислав Герасимов Мир көшесі, «Сокол» сауда үйінің жанындағы аялдамадан сағатына 50 шақырым жылдамдықпен өтіп бара жатқан. Бірақ жол жиегіндегі шам бағанасына қалай соғылғанын өзі түсінбей дал.

Ол қазір оқиға орнына дереу келіп жеткен жол сақшыларына түсініктеме беріп жатыр. Айтуына қарағанда, бұған қолайсыз ауа райы мен жолдардың қардан аршылмауы басты себеп.

Станислав Герасимов «Вольво» көлігін 3 жыл бұрын сатып алыпты. Бір өкініштісі, оған кеткен жарты құнын маңдай терімен өзі тапса, қалғанын ата-анасы көтеріпті. Жол-көлік оқиғасына бірінші рет түскен.

 

Станислав Герасимов, “Вольво” көлігінің иесі:

-Бетон бағана жеңіл. Сондықтан оған соғылған кезде жарақат алған жоқпын. Енді оны қалыпқа келтіру менің мойнымда.

 

Маңайда тоқ сымдары тартылған екен. Бағана құлаған кезде оған зақым келмеді дейді мамандар. Қазір жол сақшылары істің анық-қанығын анықтау үстінде. Станиславқа енді бірінші кезекте бағананы қиратқаны үшін және көлігін қалыпқа келтіру үшін біраз шығындалуына тура келді.

 

Берік Қасен