Спорт

Өңір биатлоншылары ел чемпионатында екінші орынды жеңіп алды

Сайыс Ақмола облысының Щучинск қаласында өткен болатын. 5 шақырымдық жарыста Александр Шперлинг күміс жүлдеге ие болды. Осындай көрсеткішке 7,5 шақырымда Рустам Набиулин де жетті. Сондай-ақ қола медаль Виктор Никифоров, Алтын Ағатаев пен Денис Чумановқа бұйырды. Ал эстафеталық жарыста өңірдің ерлер құрамасы бірінші орынға жайғасты.