Қоғам

Наурыз мейрамы қарсаңындағы қайырымдылық шарасы

 

Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы қарсаңында әзірбайжан мәдени орталығының қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады. Орталық қызметкерлері аталмыш мекемеге жиі келіп тұратындықтан, жеткіншектер қамқор жандарды асыға күтеді. Олар құр алақан келмей, сыйлықтарын да ала келді.

 

Чингиз Курбанов, СҚО әзірбайжан мәдениеті орталығы төрағасының орынбасары:

-Орталығымыз ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек әрқашан көрсетуде. Кәсіпкерлер де жәрдемдесіп тұрады. Осы жолы жанұяға перде әкеліп отырмыз. Оған қоса тәрбиеленушілерге арнап дастарқан жайылды.

 

“Арманшылар” жанұясында 8- 18 жас аралығында 18 бала тәлім-тәрбие алуда. Мекемеде балалардың бос уақыттары мүлдем болмайтын көрінеді.

 

Ольга Кецкало, облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат тәрбиеленушісі:

-Бізге көмектерін білдіріп жатқан адамдарға алғысымды білдіремін. Олар әрдайым бізді ұмыт қалдырмай, жиі келіп, сыйлықтар жасап тұрады. Қазір жанұямызда компьютер жетіспейді. Осы жағынан қол ұшын берсе жақсы болар еді.

 

Жанұяның балалары шеттерінен өнерлі екен. Олар сыйлық әкелген қонақтарға арнап концерттік бағдарлама ұсынды.

 

Бақыт Сәдақасов