Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады

 

Өңір басшысы Самат Ескендіровтың қабылдауына алғашқы болып кірген 79 жастағы облыс орталығының тұрғыны Роберт Ибрагимов. Ақсақалды толғандырған сауал Жұмысшы кентіндегі мұсылмандар зиратына баратын жолдың жоқтығы. Халық онда жазда саздан, қыста қардан жете алмайды екен. Қорымның ашылғанына 7 жыл болыпты. Бұқара содан бері жол мәселесін шеше алмай келеді.

Жұмысшы кентіндегі айналма жол мен зират арасындағы қашықтық екі шақырымды құрайды. Мәселеден құлағдар болған Самат Ескендіров оның оң шешілуіне жәрдемдесетіндігін жеткізді қарияға.

Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылының тұрғыны Қазбек Ақмамбаевты толғандырған мәселе екі қолға бір күрек табу. Ауылшаруашылығы саласында еңбек еткен отағасы бүгінде жұмыссыз қалған. Бұл күні облыс әкімінің қабылдауында болған солтүстікқазақстандықтар тарапынан жолданған сауалдар алуан түрлі. Олардың әрқайсысымен жеке-жеке танысқан аймақ басшысы проблемалардың ешқайсысы аяқсыз қалмайтындығын тілге тиек етті.

 

Самат Есмағи