Білім

М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенттері республикалық байқауда бас жүлдені иемденді

 

Олипиаданың тапсырмалары визиткамен өнер көрсету және жасақтық ән айту, залға жиналғандармен ойын өткізіп, педагогикалық сұрақтарды шешу болып табылды. Сонымен қатар наурыздың 13-і мен 15-і аралығында өткен слет  бағдарламасы ауқымды болған. Шеберлік сыныбы, дөңгелек үстел, тренингтер өткізіліпті. Республикалық қазылар алқасы М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің 8 студентінен жасақталған құраманың өнерін жоғары бағалап, сыйлық ретінде “Балдәурен” лагерінде тәрбиеші болып жұмыс істеуге ұсыныс жасаған. Енді, олимпиада жеңімпаздары еңбек жолдарын жазғы оқу практикасында бастамақ.

 

Бану Ахметова