Білім

Ақпараттық-насихат тобы студенттермен кездесті

 

Елбасы кезекті жолдауында білім беруді жетілдіруге аса көп көңіл бөлген. Мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру де басты назарда. Сондықтан педагогтардың жалақысы келесі жылдан 29 пайызға, студенттердің шәкіртақысы 2016 жылы 25 пайызға жоғарылайтын болады.

ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар деген болатын Ұлт көшбасшысы. Бұл орайда аталған колледждің студенттері Елбасы жастарға үлкен үміт артып отырғандығын сезінеді.

Қалалық ақпараттық -насихат тобының мүшесі Бақытжан Сәмиева жеті басымдықтан тұратын маңызды құжатты түсіндіруге арналған кездесуін осымен 4-ші рет өткізіп отыр. Барлық саланы қамтыған жолдау бүгінгі күні солтүстікқазақстандықтардың қызығушылығын тудыруда дейді ол.

Ақпараттық-насихат тобы жыл соңына дейін жұмыс істейтін болады.

 

Бану Ахметова